ruenkz

Қазақстанда үш авиамаршрут субсидияланатын болады. Нұр-Сұлтан-Балқаш рейсіне билет құны 9 мың теңге болады

Құрылды 09.07.2020 10:25

Субсидиялар, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан – Үшарал және Алматы – Жезқазған бағыттары бойынша рейстерге бөлінеді.

Азаматтық авиация комитеті жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша 2020 жылы субсидияланатын авиамаршруттарға авиакомпаниялар үшін екінші конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлады.

Конкурс 2020 жылдың 2 шілдесінде келесі бағыттар бойынша өтеді:

Нұр – сұлтан – Балқаш – Нұр-Сұлтан, бір жаққа тариф – 9 мың теңге, жиілігі – төрт ай бойы аптасына төрт рет, ұшақтағы жолаушылар орындарының саны – 20-дан кем емес, бөлінетін субсидия сомасы – 133,4 млн теңге;

Нұр-Сұлтан – Үшарал, бір жаққа тариф – 16 мың теңге, жиілігі – төрт ай бойы аптасына төрт рет, ұшақтағы жолаушылар орындарының саны –  20-дан кем емес, бөлінетін субсидия сомасы – 141,9 млн теңге;

Алматы – Жезқазған, бір жаққа тариф – 20 мың теңге, жиілігі – алты ай бойы аптасына екі рет, ұшақтағы жолаушылар орындарының саны – 20-дан кем емес, бөлінетін субсидия сомасы – 109,8 млн теңге.

140