ruenkz

Вирусқа жол жоқ!

Құрылды 21.07.2020 16:06

COVID-19 пандемиясы салдарынан Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты (2020 жылғы 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында) және «Қазаэронавигация» РМК бас директорының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 05-03-8-85 бұйрығына сәйкес «Қазаэронавигация» РМК Шымкент филиалында санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтілді.

«Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметкерлердің салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент филиалының төрағасы Б.М. Есімов және кәсіподақ мүшесі Д.Т. Сухамбердиев апта сайын арнайы киімде (қорғаныш киімдері, респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, резеңке қолғаптар) «деохлорстандарт» арнайы ерітіндісімен филиалдың барлық бөлмелерін дезинфекциялық ерітінді шашқыштармен дезинфекциялайды.

Барлық қызметкерлерге вирустық аурулардан қорғайтын маскалар мен дулығалар берілді.

Филиалдың әрбір қызметкері вирустық аурулардың (CОVID-19, пневмония және т.б.) таралуына жол бермеу үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінеді.

120