ruenkz

10 тамыз Абай күні болып бекітілді

Құрылды 10.08.2020 12:20

Биылғы жылы елімізде қазақтың ақыны, ұлы ғұламасы  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына байланысты мерейтойлық шаралар көптеп өткізілуде. «Қазаэронавигация» РМК ұжымы да бұл шараға өз үлесін қосты.
«Қазақтың қасиетін тану – Абайды танудан басталмақ». Мұхтар Мағауин.
Абай Құнанбаев — қазақтың ұлы ақыны және композиторы, ойшылы, ғартушысы және қоғам қайраткері. Абай есімі оның әдеби ізденістерінің арқасында Қазақстаннан тыс елдерде бұрыннан белгілі болды, өйткені ол әдебиет шеңберімен шектелмеді, әдебиет ол үшін әмбебап рухтың шексіз әлеміне апаратын өзіндік алтын қақпа бола білді. Ол ұлы ойшылға іргелі болмыстың барлық салаларына, ажырамас бірлікте, тұтастықта, үйлесімділікте болған әлемнің, адамның, ұлттың, тарихтың, рухтың, барлық шексіз құбылыстарына енуге және адам танымының шекарасын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Абай — әлемдік тұлға. Ол дана ойшыл және кемеңгер ақын, ол нағыз ғалым. Оның поэзиясы адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты алға тартты. Ол адамзатты қараңғылық пен надандыққа қарсы күресуге шақырды.
Абай өз ісімен, әлемге деген көзқарасымен, терең де байыпты ойларымен, данышпандығымен замандастарынан ерекшеленіп, қазақ халқының қорғаны бола білді.
Ұлы ақынның артында ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мол мұра, рухани қазына қалды.
1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен бүкіл әлемде Абайдың 150 жылдығы кеңінен аталып өтті. Ал осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.
Осы мерекеге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастаған ұлы ақынның шығармаларын оқу эстафетасын жалғастырып, «Қазаэронавигация» РМК-ның Алматы қаласындағы «Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Орталық Қазақстан әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалына жолдады.
Қазақстан халқын Абай күнімен құттықтаймыз!
 
https://cloud.mail.ru/public/4Rwg/32NGGzybY

1168