ruenkz

Аусарбек Тұрсынбайұлы Ділдібековті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

Құрылды 20.08.2020 10:23

18 тамызда Қостанай филиалының ӘҚҚ қызметі мен қызмет басшылары ұшу басшысы Аусарбек Тұрсынбайұлы Ділдібековті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Аусарбек Тұрсынбайұлы еңбек жолын 1979 жылы Азаматтық авиацияның Кировоград ұшу-штурмандық училищесін бітіргеннен кейін бастады. Жұмыс істеген жылдары Аусарбек Тұрсынбайұлы ұжым арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды. Ал оның спорттық дайындығы жас әріптестер қызығарлықтай. Айтулы күні мерейтой иесі филиал басшылығы мен әріптестерінің құттықтауларына, алғысына бөленді.

Осы күнгі екінші қуанышты оқиға – Әлібек Нұрғалиевтің ӘҚҚ қызметінің диспетчері куәлігін және дербес жұмысқа бастапқы рұқсат алуы болды. ATS Global-да (Ұлыбритания) оқуын бітіргеннен кейін Әлібек Нұрғалиев кәсіпорынның филиалында тағылымдамадан және аттестаттау комиссиясынан сәтті өтті. Аттестаттау комиссиясы Әлібектің үздік білімі мен зор талабын атап өтті. Алда оны ӘҚҚ қызметінің диспетчері ретінде дербес жұмыс пен кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндіктері күтіп тұр.

412