ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының гараж ғимараты

Құрылды 24.08.2020 10:48

1984 жылы «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының гараж ғимараты салынды. Гараж ғимаратында ұзақ уақыт жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелері болмады. Қысқы мезгілде орынжайларда жылытқыштар қолданылды. Ағымдағы жөндеу (жабынды жөндеу) ғана жүргізілетін. Автокөліктерге жөндеу және техникалық қызмет көрсету суық орынжайларды жүргізілетін, бұл қолайсыздық туғызатын еді. Гараж жабдықтармен жабдықталмаған болатын.

Кәсіпорынның 2017-2020 жылғы  Инвестициялық жоспарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз айында гараж ғимараты күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Жұмыскерлер үшін барлық жайлы жағдайлар жасалды. Қазіргі таңда гаражда автономды жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, ағындық желдету, өрт сөндіру, сигнализация және ауа баптау жүйелері бар. Жаңа қақпалар, терезелер, автокөлікке арналған көтергіш орнатылды. Шеберхана верстакпен, стеллаждармен және құрал-саймандарды сақтауға арналған металл шкафтармен жабдықталды. Киім ілетін орын шкафтармен, орындықтармен қамтылған. Бейнебақылау, периметрлік жарықтандыру орнатылды.  Аумақты абаттандыру -  асфальтты жолдар төсеу, көгал егу жұмыстары жүргізілді.

460