ruenkz

Norwegian Air 2021 жылдың басында банкротқа ұшырауы мүмкін

Құрылды 11.09.2020 08:39

«Bloomberg агенттігі Еуропаның ең ірі лоукостерлерінің бірі Norwegian Air Shuttle қаржылық көмекке немесе несиесін өтеуді кейінге қалдыруға мұқтаж екенін мәлімдеді, әйтпесе ол 2021 жылдың басында банкротқа ұшырауы мүмкін» деп хабарлайды Туристер порталы.

Авиатасымалдаушы дағдарыстан шығудың екі нұсқасын қарастырады: акцияларды жеке орналастыру және активтерді сату. Ол қиындықтарға пандемияға дейін тап болған болатын, ал пандемия басталған соң барлық ұшақтарының жұмысын тоқтата тұруға және 8000 қызметкерді ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды.

Басылым пандемия әлемдік әуе тасымалы нарығына үлкен зиян келтіргенін, нәтижесінде барлық авиакомпаниялар зардап шеккені туралы айтады.

400