Кишиневте аэронавигация саласының болашағы талқыланды
Салынған уақыты 27.04.2026 17:21
2026 жылғы 21-24 сәуір аралығында Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) ICAO аэронавигациялық қызмет көрсетуді енгізуді қолдау тобының (ANSISG/09) 9-ыншы кеңесі өтті.
Іс-шара Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO), Молдова Республикасының авиациялық билігінің және MoldATSA ұлттық аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерінің қатысуымен өтті.
Кеңеске қатысушылар географиясының ауқымы кең болды

Кеңес жұмысына Қазақстан, Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, EUR/NAT өңірінің 25-тен астам мемлекетінің өкілдері қатысты.
Талқылауға мемлекеттерден басқа басты халықаралық авиациялық ұйымдар: EUROCONTROL, IATA, ACI, IFALPA, IFATCA, IBAC және басқалары қатысты.
Жалпы алғанда, бұл кеңес мемлекеттік авиация әкімшіліктері өкілдерінің, аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінің (ANSP), сондай-ақ сала сарапшыларының басын қосты.
25