ruenkz

Астаналық оқушыларға аваиация мамандықтары танастырылды

Салынған уақыты 28.04.2026 09:03

«Next Generation Aviation Inspiration Day» шарасы аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі ұйымдастырған іс-шара барысында мектеп оқушылары авиация саласының нағыз өзегіне үңілу мүмкіндігіне ие болды.

Қазаэронавигацияның жаттығу орталығында қатысушыларға азаматтық авиациядағы ең жауапты мамандықтардың бірі саналатын авиадиспетчердің қалай жұмыс істейтіні практикалық түрде көрсетілді.

Жасөспірімдер:
∙ әуе қозғалысын басқару қалай жүзеге асатынын;

∙ диспетчерлер нақты уақыт режимінде қалай шешім қабылдайтынын;

∙ технологиялар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалай көмектесетінін өз көзімен көрді.

Интерактивті формат мектеп оқушыларына өздерін әуе кеңістігін басқару жүйесінің бір мүшесі ретінде сезінуге, авиация саласында жұмыс істеу үшін қандай дағдылар қажет екенін түсінуге мүмкіндік берді.

12