ruenkz

Turkish Airlines кәсіподағы қысқартудың алдын алу үшін жалақыны жартылай қысқартуға келісті

Құрылды 17.09.2020 08:32

Turkish Airlines авиакомпаниясы мен Түркияның азаматтық авиация кәсіподағы ұжымдық еңбек шартының талаптарын түзету мәселесінде уағдаластыққа қол жеткізді. Тараптар қызметкерлердің жалақысын қысқарту жаппай қысқартулардың алдын алуға мүмкіндік беретініне келісті. 31 тамызда қол жеткізілген ымыраға келу пандемияның авиакомпанияның бизнесіне тигізетін әсерін азайтуға көмектеседі деп хабарлайды АТО порталы.

Turkish Airlines ұшу құрамының жалақысы жартылай, кабина экипаждарының жалақысы 35%, басқа қызметкерлердің жалақысы 30% қысқарады делінген кәсіподақ хабарламасында. Бұл жағдай кем дегенде 2021 жылдың соңына дейін сақталады, бірақ әр алты айда қайта қаралады деп түсіндірді кәсіподақ. Мұның орнына Turkish Airlines қысқартуларға жол бермеуге уәде берді. Тасымалдаушының штатында 39 мың қызметкер бар және жалақы қоры айына шамамен 500 млн.долларды құрайды.

Наурыз айында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің жарлығымен COVID-19 вирусының таралуын болдырмау мақсатында халықаралық әуе қатынасына тыйым салды. Халықаралық рейстердің бағыттар саны бойынша әлемдегі ең үлкен маршруттық желісіне қызмет көрсететін Turkish Airlines үшін (Стамбулдан 300-ден астам бағыт) бұл шешім ауыр соққы болды. Авиакомпания 10 маусымда Стамбулдан халықаралық рейстерді қайта ұшыра бастады, 1 маусымнан бастап ішкі желілерде байланыс қайта басталды. 30 маусымдағы жағдай бойынша оператор паркінде 362 әуе кемесі болды.

358