ruenkz

Атырау филиалы өз өмірін азаматтық авиацияға арнаған ардагер қызметкерді құттықтады

Құрылды 18.09.2020 08:41

Атырау филиалының басшылығы мен кәсіподақ комитеті өз өмірін азаматтық авиацияға арнаған зейнет жасындағы қызметкер – ұшу басшысы Таңатар Ибрайұлы Меңдіғалиевті оның зейнеткерлікке шығуына байланысты құттықтау рәсімін өткізді.

Азаматтық авиация ардагері Таңатар Ибрайұлы 1977 жылы Азаматтық авиацияның Рига ұшу-техникалық училищесін ұшақты жүргізу мамандығы бойынша бітірді. Училищені бітіргеннен кейін Гурьев авиаотрядының қозғалыс қызметіне жұмысқа орналасты. 1992 жылы Ленинград қаласындағы Азаматтық авиацияның Ленин ордені атындағы жоғары академиясын «Әуе көлігін ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша бітірді. Ол ӘҚҚ қызметінің диспетчер лауазымынан бастап ұшу басшысына дейінгі жолдарды өтті. Таңатар Ибрайұлы азаматтық авиацияға барлығы 45 жылын жылын арнады. Бірнеше рет әртүрлі марапаттармен наградталды, кәсіби білімі деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлді, жас мамандарға көмек берген, бірақ талап қойғыш жетекші бола білді. Ол тек қана кәсіби авиатор ғана емес, отбасында үлгілі және қамқор әке. Сүйікті жары Рая екеуі тамаша үш баланы жақсы тәрбиелеп өсірді.

445