Фаат Фаритұлы Богдашкин
Бас директор
2025 жылғы 25 шілдеден басап «Қазаэронавигация» РМК бас директоры болып жұмыс істейді.
2014 жылғы 16 қазаннан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді.
1999 - 2014 жылдары - ӘҚБ АЖ орталығының бастығы, ӘҚҚ басқармасының бастығы, ӘҚҰ жөніндегі дирекциясының директоры, әуе қозғалысын жоспарлау бөлімінің бастығы, «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары.
1995 - 1998 жылдары - «Қазаэронавигация» РМК Алматы филиалының директоры болды.
1980 - 1995 жылдары - диспетчер, аға диспетчер, әуежай бастығының қозғалыс жөніндегі орынбасары, ұшу басшысы - Алматы ААҚ қызмет бастығы лауазымдарын атқарды.
РФ Чита облысының Давенда кентінде дүниеге келген. Азаматтық авиация академиясын (Ленинград қаласы) қозғалысты басқару жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған.