ruenkz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2020 жылдың ұлттық баяндамасы  

«Казаэронавигация» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

«Қазаэронавигация» РМК-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережені бекіту туралы

«Қазаэронавигация» РМК-ныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

«Қазаэронавигация» РМК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

«Қазаэронавигация» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

 

«Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмыс істейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты «Қазаэронавигация» РМК мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:

1) «Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;

2) «Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;

3) «Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптардың және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;

5) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі приницптерінің сақталуын қамтамасыз ету.

 

Егер «Қазаэронавигация» РМК-да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы қандай да бір мәлімет болса, +7(7172) 704234 телефоны бойынша хабарлау қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функцияларын орындайтын жауапты тұлға Ербол Найманұлы Барашев, 87078052754

«Қазаэронавигация» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы анонс

«Қазаэронавигация» РМК кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

«Қазаэронавигация» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы анонс

«Қазаэронавигация» РМК 2023 жылғы 06 қазанда кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталатынын хабарлайды. Осыған байланысты, «Қазаэронавигация» РМК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылау жүргізу жоспарлануда.